Елордада екі кәсіпкердің қазынадан 118 млн теңге жымқырғаны анықталып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Atameken Business.
Қаржы мониторингі комитетінің хабарлауынша, бизнесмендер өздері ұсынған техникалық қызметті желеу етіп, ҚазИндустри орталығынан өтемақы алған. Алайда, олар міндеттелген қызметті көрсетпеген. Ал қолды болған миллиондар негізінен шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінген жәрдем ретінде бағытталған. Кінәлілер енді алаяқтық істері үшін алдағы 6 жылды темір торда өткізеді.
Фото: vedomosti.ru, Максим Стулов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу