Бақыт Сұлтанов Comi com фестивалін дәстүрлі түрде өткізу қажеттігін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Одан басқа, мені ерекше таң қылдырған Comi com фестивалі болды. Оның жастар арасындағы танымалдығын осы уақытқа дейін білмеппін. Әкімдік пен ЭКСПО Ұлттық компаниясы қолдаған шараны көруге бір жарым күнде 25 мың адам (мектепке бармайтын бүлдіршіндерді санамағанда) келді. Ал, біз 3 күнде барлығы 25-28 мың азамат келеді деп жоспарлаған едік. Дәл осындай қызығушылық болса, Нұр-Сұлтанда осындай фестивальді дәстүрлі түрде өткізу қажет деп ойлаймын", - деді Б.Сұлтанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу