Елордада COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны 9 пайыз

1591

Бес науқас жасанды дем аппаратымен тыныс алып жатыр.

Елордада COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны 9 пайыз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордадағы коронавирустық ахуал туралы ақпарат берді.

"Қалада коронавирус инфекциясымен ауырғандар арасында 9 пайыздық өсім бар. 332 адам стационарда жатыр. 214 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 2576 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен 3 адам қайтыс болды. 9 сәуірден бастап жаппай экспресс-тестер жүргізу басталды. Оны 15528 адам тапсырды. Қазіргі жағдайда 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта жалпы 29680 лабороториялық зерттеу жүргізілді", – деді әкімдік өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу