Елордада COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған тағы екі аурухана ашылды

589

Олар – 230 төсектік қалалық психикалық денсаулық орталығы және 90 төсектік ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі.

Елордада COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған тағы екі аурухана ашылды

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциямен ауырғандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілді, деп inbusiness.kz  әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жаңа стационарларға қандай науқастар қабылданатынын түсіндіріп берді.

"Орташа және ауыр жағдайдағы науқастарды сол жағалаудағы психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына, сондай-ақ әскери госпитальға жатқызамыз. Ал психикалық денсаулық орталығының пациенттері одан әрі мамандандырылған көмекті психиатриялық блокта алатын болады. Осы орталықта төсек орындарын ашу қажеттілігіне байланысты біз оларды басқа корпустарға ауыстырамыз. Екі стационарда да реанимациялық төсектер бар, олар КВИ-ден емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған", — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, аталған екі аурухана өткен жылы COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін орындардың бірі болған. Ал науқастар қатары азайғаннан кейін, яғни 2020 жылдың тамызында жабылып, бұрынғы қызметіне қайта кіріскен болатын.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инфекциялық стационарларда 1 877 пациент жатыр, төсек-орындарының 77%-ы толды. Оның ішінде 147 пациент (138 КВИ) реанимация бөлімшесінде (80%), ал 30 адам жасанды тыныстау аппаратында жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу