Елордада дала өрттерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

299

Жылы ауа райының келіумен қураған шөптердің жану тәуекелі арта түседі. 

Елордада дала өрттерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде Фото: Астана қаласы ТЖД

Осы орайда, елорда аумағында  өрт  қауіпті кезеңде құрғақ шөптер мен қамыстардың өртенуін алдын алу мақсатында Астана қаласы әкімдігі мердігерлік ұйымдармен қамысты шабу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт қауіпті кезеңде өрттер егін қалдықтарының, қураған жерлердің, тұрмыстық қоқыстардың бақылаусыз өртенуінен болады. Өрт салдарынан үйлер, шаруашылық ғимараттар, жем-шөп, автотехника жойылады.

Елді мекендердің, аумақтардың, қызмет түріне және меншік нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы алшақтықтар шегінде жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптерден, мамықтан, жанғыш материалдардан уақтылы тазартылуы тиіс.  

Сондай-ақ, аумақтарды жинау кезінде қоқыс пен ыдыстарды жағуға ғимараттарға, құрылыстарға 50 метрден жақын жол берілмейтінін айта кету керек. Осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда қалдықтар мен ыдыстарды жағу бақылаумен жүргізілуі тиіс. Ешқандай жағдайда отты қараусыз қалдыруға болмайды. Қараусыз қалған кішкентай от үлкен апатқа айналуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу