Елордада дәмханада газ баллоны жарылды

570

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға орнында қыз бала қайтыс болған.

Елордада дәмханада газ баллоны жарылды

21 қараша күні сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-диспетчерлік қызметіне дәмхана етіп жасалған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше үйінділер астында бір адам қалған.

"Өрт сөндіру қызметі келген кезде үйдің ішінде бір қыз бала және 15 дана газ баллоны болғандығы анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлап кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз бала үйінділер астында қалып, оқиға орнында қайтыс болды", –  деп хабарлады министрлігінің ресми өкілі.

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар күштері мен құралдары және Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу