Астанада Қажымұқан көшесі, 1 мекенжайында, "Ренессанс" дәмханасында екі жазғы самалжай өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқиға бүгін, 7 маусым күні сағат 12:57-де болған.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткен. Сағат 13:13-те 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ, дәмханадағы өрттің неден болғаны анықталды.
"Ауа мен газ қосындысынан тарсыл шыққан. Ешкім зардап шекпеді", - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу