Елордада демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары өткізіледі

754

Саябақтар, скверлер, жағалаулар, базарлар, сауда орындары, және т. б. адам көп жиналатын орындар қамтылады.  

Елордада демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары өткізіледі

Қалалық қызметтермен бірлесе дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер де қатысады. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның қаулысына сәйкес, сауда ойын сауық орталықтарының, базарлардың, сауда үйлерінің және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусым аралығында қоғамдық көлік жүрмейді, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен үйлердің маңында орналасқан дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін) басқа кәсіпорындардың барлығы жұмыс істемейді.

Сонымен бірге барлық қоғамдық орындар: саябақтар, тынымбақтар және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылады. 20-21 маусымда тұрғындардың жеке автокөлікпен қала аумағында қатынауына шектеу қойылады. Жұмыс орнына (қызметі рұқсат етілген жағдайда), жақын маңдағы дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне, медициналық қызмет алуға ғана қатынауға рұқсат беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу