Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

895

Нұр-Сұлтан қаласында 10-11 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қызылорда облысы өз өнімдерін ұсынады, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бұл өңірдің 70-ке жуық тауар өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелмек. Олар 210 тонна асқабақ, 100 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 50 тонна асқабақ, 30 тонна балық өнімдері, 15 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер және 3 тонна ас тұзы.

Еске салайық, бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң, Тұран 48.

17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу