Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңке қайта жалғасады

184

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңке қайта жалғасады Фото: gov.kz

30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол әр демалыс сайын жұмыс істейді,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО-да өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.

Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу