Елордада жасөспірім суға батып кетті

504

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылы маңайында жасөспірім суға кетіп, қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жасөспірім суға батып кетті

Баланың достарымен шомылып жүріп, суға батып кеткені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп шомылу орындары мен коммуналдық жағажайларды патрульдеудің мобильді топтарын ұйымдастырды. Аталған мобильді топ адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында су нысандарына тексеріс жүргізеді, азаматтарға суда жүзу ережелерін сақтауды, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеуді ескертеді. Елорда аумағында барлық патрульдік автокөліктер құтқару құралдарымен жабдықталған.

Полиция департаменті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балалардың ересектердің қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу