Елордада денесінің 80%-ын күйік шалған өрт сөндіруші комаға түсті

692

Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр.   

Елордада денесінің 80%-ын күйік шалған өрт сөндіруші комаға түсті Фото: egemen.kz

Астаналық өрт сөндіруші қызметтік борышын өтеу кезінде қатты зардап шегіп, комада жатыр, деп жазады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД хабарлағандай, 16 қараша күні таңертең өрт сөндіру қызметіне Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердегі қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі.

Салдарынан өрт сөндірушілердің бірінің денесін 80% күйік шалып, комаға түскен. Бүгінгі таңда оның жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу