Елордада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

1187

Кеңес отырысына діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. 

Елордада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен қалалық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес Алғыс айту күніне орайластырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кеңес отырысына біз жылына 4 рет жиналып, этносаралық қатынастарға қатысты мәселелерді талқылаймыз. Мемлекет дін мәселелеріне араласпайды. Бірақ көптеген мәселелерді шешуде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау аса маңызды. Бұл лаңкестікке, экстремизмге қарсы күреске де қатысты. Бізге өзекті әлеуметтік, конфессияаралық тақырыптар тұрғысынан өздерінің келушілерінің көңіл күйін тереңірек білетін сарапшы-теологтардың пікірлерін білу қажет. Медицина қызметкерлерімен, педагогтармен қатар діни бірлестіктер жұртқа пандемия кезінде көмектесті. Олар дінге сенушілерді үмітсіздікке бой алдырмауға шақырды. Өз қызметтерін онлайн-трансляциялады. Бұл Кеңестің негізгі міндеті – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында айқын бағыттарды әзірлеу, сол сияқты оларды іске асыру бойынша талап ететін мәселелерді шешу үшін дін қайраткерлерімен үнемі байланыста болу", – деді әкім орынбасары кеңес барысында.

Өз кезегінде елорданың діни бірлестіктерінің басшылары қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің қоғамдық маңыздылығын атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу