Елордада Disneyland салу жоспарлануда

889

Қазір құрылыс үшін жер телімі қарастырылып жатыр.

Елордада Disneyland салу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Ерлан Бекмырзаев Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) 8-ші жаһандық саммиті кезінде елорданы туристер үшін тартымды етуде атқарылып жатқан кейбір жұмыстарды айтып өтті.

"Нұр-Сұлтан қаласына келетін туристердің қолайлылығы үшін "Турист картасы" іске қосылады. Турист қалаға келген кезде қоғамдық көлікпен жүру картасын немесе "Бәйтерек" тәрізді туристік нысандарға кіреу билетін сатып алуда қолайсыздық болмауы үшін барлығын бір картаға біріктіреміз. Ол картаны қала тұрғындары да пайдалана алады",– деді департамент басшысы.

Ерлан Бекмырзаев сондай-ақ, қалада "Disneyland" ойын-сауық паркін салу да жоспарда бар екенін жеткізді. 

"Disneyland салу үшін жер телімін қарастырып жатырмыз. Ойын-сауық орнының ғимараты жыл бойы жұмыс істеп, өзін-өзі ақтауы үшін жабық болады деп ойлаймын. Бізде Қызылорда мен Шымкенттегідей жылы емес. Ол нысандарды бюджет қаражатына салудың қажеті жоқ. Инвестор жер телімдерінің инфрақұрылымы болуын талап етеді. Яғни, су, электр қуаты тәрізді инфрақұрылымның болуы міндетті. Ондай жер телімдері көп емес. Әзірше, инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Нақты келісімшартқа қол қойған кезде хабарлап айтамыз. Жалпы, отбасымен баратын осындай демалыс орындарының көбірек болғаны қажет",– деді Ерлан Бекмырзаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу