Елордада дүйсенбіден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі

1280

Елордада дүйсенбіден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken.  

Елордада дүйсенбіден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша енді мейрамхана мен дәмханалар кешкі сағат 8-ге дейін ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ нысанның орналасқан жеріне қарамастан іште 30-дан астам адам болмауы шарт. Бұдан бөлек сауда ойын-сауық орталықтары демалыстарда жабық болады. Бірақ ішінде орналасқан дәріханалар мен супермаркеттерге кіруге тыйым салынбайды. Ал жай күндері кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Құжатта  барлық ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемі 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру қажеттілігі көрсетілген.  Қоғамдық көліктерге дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 6-дан түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Жексенбі күні тыйым салынады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан азаматтарға қала және қоғамдық орындарда жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу