Елордада дүкеннен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

608

Жасөспірім дүкен кассасынан 100 мың теңгеге жуық ақша алып кеткен.

Елордада дүкеннен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды Фото: gov.kz

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді анықтады. 

Тергеу барысында ол түнде Сырдария көшесінде кетіп бара жатып, жол бойында күзет дабылы мен қауіпсіздік торы жоқ дүкенді байқаған. Терезені таспен сындырып, жасөспірім ішке кіріп, кассадан жүз мың теңге көлемінде ақша алып кеткен. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланы заңды өкілдеріне тапсырып, ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. 

Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен жүрген жерін бақылауды, оларды кешкі уақытта жібермеуді еске салады. Сонымен қатар полицейлер ата-аналарға кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу