Елордада "Думанды керуен" концерті өтіп жатыр

987

Астана күніне орай Нұр-Сұлтанда "Думанды керуен" жылжымалы концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елордада "Думанды керуен" концерті өтіп жатыр

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, ұлттық домбыра және Астана күніне орай қалада "Думанды керуен" концерті ұйымдастырылуда. Ол 6 шілдеде аяқталады.

Концерттің мақсаты – елорда тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау. Коронавирусқа байланысты іс-шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған.

"Онда өнер көрсететін барлық әнші COVID-19-ға қарсы вакцина алған. Олар 3 күн сайын коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырады. Мерекелік концерт елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған", - дейді ұйымдастырушылар.

Пандемия кезінде адамдардың бір орынға көп жиналмауы үшін жылжымалы сахна таңдалған. Концертке қатысатын әртістер, өнер ұжымына жеке автобус қарастырылған.

"Жылжымалы концерт кезінде өнерпаздар Нұр-Сұлтандағы 4 аудан: Есіл, Сарыарқа, Алматы және Байқоңырдағы тұрғын үй алаптарын аралайды. Ол үшін 4 сағаттық арнайы концерттік бағдарлама дайындалған. Концерттік бағдарламада қазақ халқының музыкалық мұрасы насихатталып, ұлттық саз аспаптарымен ән-күй орындалады. Сонымен бірге эстрада жанрында әндер шырқалады", - деп жазылған хабарламада.

4-5 шілдеде өнерпаздар Алматы ауданындағы "Күйгенжар", "Мичурино", "Интернациональный", "Теміржол", "Өндірістік", "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алаптарын өнер көрсетеді, ал 6 шілдеде  Байқоңыр ауданындағы "Қазгородок", "Кирпичный", "Чугунка" тұрғын алаптары мен елорда іргесіндегі елдімекендерді аралайды. 

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары қатаң болғандықтан жылжымалы концерт еш жерге тоқтай алмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу