Жарыс аясында қазақстандық спортшы Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшидин мен Ғұсман Қырғызбаев қола медаль иеленді. Олар Жапония мен Моңғолия спортшылармен белдесті, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігінде татами шеберлері жекелей және командалық-аралас жарыста 7 тамызға дейін өзара мықтыны анықтады.
Айта кетейік, жарысқа Азияның 19 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.
Жарыстың ашылу салтанаты Халықаралық дзюдо федерациясының вице-президенті Абид Әл Анзи және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Кейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен Қазақстанда дзюдоны дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан ерлер құрамасына: Мағжан Шамшидин (60кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ислам Бозбаев (-100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг).
Қазақстан әйелдер құрамасы: Абиба Абужақынова (48 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Гаухар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг).
Азия чемпионаты қатысушыларының арасында әлем чемпионатының және Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мәселен, Токио 2020 чемпионы Аарон Уольф пен Соне Акира, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юнвэй мен қола жүлдегері Ценд-очир Цогтбаар, әлем чемпиондары – Умеки мами мен Кагеура Кокоро, екі дүркін жүлдегерлері Риужу Нагаяама мен Ким Вон Жин.
IJF ережесі бойынша Азия чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына олимпиадалық рейтингте ұпай қосылады: 1-орынға 700 ұпай, 2-орынға 490 ұпай, 3-орынға 350 ұпай.