Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

616

Чемпионат 14-17 ақпан күндері өтеді, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.   

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді Фото: gov.kz

Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды.

Айта кетерлігі, чемпионат нәтижесі бойынша 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі келесідей:

14 ақпан

Жарыстың басталуы – 10:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг;

Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг;

Жарыстың ашылу салтанаты: 16:30

Финал – 17:00

15 ақпан

Жарыстың басталуы – 10:00

Ұлдар: -60 кг,-66 кг, -73 кг;

Қыздар: -52 кг,-57 кг, -63 кг;

Финал – 17:00

16 ақпан

Жарыстың басталуы – 10:00

Ұлдар: -81 кг,-90 кг,+90 кг;

Қыздар: -70 кг, +70 кг;

Финал – 17:00

17 ақпан

Қазақстан Республикасының аралас-командалық чемпионаты:

Жарыстың басталуы – 10:00

Финал – 17:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу