Елордада қар жинау жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына слтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қар жинау жұмысына 500-ден астам арнайы техника мен 50-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуар секілді орындар қардан тазартылады.
Өткен тәулікте елордадан барлығы 26 мың текше метр қар шығарылды. Ал биылғы қыста бас-аяғы 2 564 383 текше метр қар жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау мақсатында фото және бейнекамералар орнатылған.