Елордада екі жаңа көпір ашылады

998

Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Елордада екі жаңа көпір ашылады Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көпір құрылысы биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, "Мыңжылдық" аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды. Биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салу жоспарланып отыр.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу