#Astanawinterland тұжырымдамасының аясында фотосуреттерді ұнататындар үшін тегін шеберлік сағаттары ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
5 қаңтарда екінші қысқы инстамит өтеді. Оның аясында архитектуралық фотосуреттер бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Аталмыш шара мұз мүсіндер мен жаңажылдық инсталяциялары бар Astana Winter Land-тың ғажайып атмосферасына бөленуге көмектеседі.
Қалада қысқы демалысты өткізуге мүмкіндік беретін 9 жер бар. Олардың ең үлкені "Шығыс ертегісі: 1001 түн" қалашығы Ботаникалық бақта орналасқан. Қысқы ойын-сауыққа арналған алаңдар, сондай-ақ, Ататүрік саябағында, Есіл өзенінің жағалауында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, "Хан Шатыр" СОСО аумағында, "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда ұйымдастырылған.
Инстамиттің жеңімпазы 100 000 теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болады.