Елордада электромобильдерді тегін қуаттайтын жаңа жанармай стансасы іске қосылды

796

Елордада электромобильдерді тегін қуаттайтын жаңа жанармай стансасы іске қосылды

Елордада электромобильдерді тегін қуаттайтын жаңа жанармай стансасы іске қосылды. Онда сондай-ақ автокөліктер үшін әртүрлі жанармай: бензин, газ және дизель отыны да бар, деп хабарлайды elorda.info.

Станса Есіл ауданындағы Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан. Онда жанармай, газ және дизель отынымен толтыратын 16 бағана бар. Оның төртеуі электр тогымен оталатын көліктерге арналған. Бір электромобильді 40-60 минутта қуаттай алады. Мұндай бекеттердің құрылысы "Аstana ӘКК ҰК" АҚ мен "Autogas Retail" ЖШС арасындағы бірлес­кен жобаның аясында жүзеге асуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу