Нұр-Сұлтандағы элиталық аудандардың бірі саналатын "Британ орамында" өрт шықты, деп ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды. Өрт шыққаны туралы хабар сағат 19.39-да хабарланған.
Өрт куәгерлерінің айтуынша, өрт 5 немес 6-кіреберістің бірінен шыққан. Олар бүгін шатырда жөндеу жұмыстары болғанын айтып отыр.
ТЖ комитеті оқиғаның толығырақ мән-жайын хабарлады. "Британ орамы" ТК-ның алты қабаттық тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 19:39-да түскен.
"Сағат 19:46-да алғашқы өрт сөндіру көліктері келгенде шамамен 100 шаршы метр аумақтағы тұрғын үйдің шатыры жанып жатты. Тұрғындары көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады ТЖК.
Өртті сөндіруге 51 адам мен 11 техника жұмылдырылды.
Видео: