Астанада Қазақстанда іске асырылатын республикалық "Ең үздік әлеуметтік жобалар" көрмесіне қатысу үшін әлеуметтік жобалар таңдалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен қалалық кезеңде байқаудың іріктеу туры өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өтініштер сәуір айынан бастап қабылданды. Іріктеу турына қатысу үшін 8 әлеуметтік жоба келіп түсті, оның 2 жобасы республикалық көрмеге қатысу үшін комиссиямен таңдалып алынды. Атап айтқанда – "Инва-СТО" мүгедектік техниканы сервистік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, "Дос" Тәуелсіз өмір" орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі. Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті студенттерінің әлеуметтік қолдауымен іске асырылып отырған "Самғау" жобасы.