Елордада "Еңбек Жолы" байқауы басталды

1206

Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың қалалық кезеңі құжат қабылдауды бастады.

Елордада "Еңбек Жолы" байқауы басталды

"Еңбек Жолы" байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізілмек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға кәсіпорындардың кез келген саладағы барлық қызметкерлері қатыса алады.

Байқау 3 номинациядан тұрады: "Үздік еңбек әулеті" – ең ұзақ еңбек өтілі мен ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. "Өндірістің үздік жас қызметкері" – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 31 шілдеден 12 тамызға дейін жүзеге асырылатын болады.

Байқау туралы сілтеме арқылы өтіп, толық білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу