Елордада "Еңбек жолы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

721

"Еңбек – елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау шеңберінде Қазақстанда "Еңбек Жолы" республикалық конкурсы өткізіледі. Бұл ең жақсы еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазір оған қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада "Еңбек жолы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Конкурсқа қай сала екеніне қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Ол үш номинациядан тұрады:

"Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;

"Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде 2 кезеңде өткізіледі.

"Еңбек жолына" қатысу үшін тілек білдірушілер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болса мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін салуға болады.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 23 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу