Елордада "Еңбек жолы" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

1152

Елордада еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық "Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  

Елордада "Еңбек жолы" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздік сарайында өткен шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Парламентінің депутаттары, "Атамекен" ҰКП-ның, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер республикалық бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен қоса еңбек ардагерлері және конкурстың өңірлік кезеңінің лауреаттары қатысты, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Салтанатты шара басында Бердібек Сапарбаев меценаттар мен кәсіпкерлерге "Шапағат" медалін, ҚР Президенті мен Премьер-Министрінің атынан алғыс хаттарды табыс етсе, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова ардагерлерге "Еңбек ардагері" медалін табыс етті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) аталмыш шараны жұмысшыларды кеңінен танымал ету мақсатында өткізеді. Конкурс "Үздік еңбек әулеті", "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" және "Өндірістің үздік жас жұмыскері" атты үш номинациядан тұрады.

Үміткерлерден өтінім қабылдау ағымдағы жылғы 1 маусымда басталды. Конкурстың өңірлік кезеңінде бірінші номинация бойынша – 90, екінші номинация бойынша 144 және үшінші номинация бойынша – 154, барлығы 388 адам бақтарын сынады.

Конкурстың республикалық кезеңінде ҚР Еңбекминінің сайтында өткізілген онлайн дауыс беру барысында: "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша 23 351, "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша 90 156 және "Өндірістің үздік жас жұмыскері" номинациясы бойынша 65 822, барлығы 179 329 дауыс түсті.

Байқау жеңімпаздарын онлайн дауыс беруді ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен арнайы республикалық комиссия анықтады. Комиссия құрамына ҚР Еңбекминінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Атамекен" ҰКП-ның, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Қазақстан еңбекшілер конфедерациясы және "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары Үйлестіру кеңесінің өкілдері кірді.

Отандастарымызды кәсіби жетістіктерге ынталандыру және жаңа еңбек династияларын қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылы ҚР Еңбекмині сыйлықтардың санын көбейту туралы шешім қабылдады. Егер өткен жылдары сыйлықтар тек номинациялар бойынша берілген болса, ағымдағы жылдан бастап жеңімпаздар – 1, 2 және 3 орын үшін марапатталатын болды.

"Үздік еңбек әулеті" номинациясында Елордалық Еңсебаевтар әулеті бірінші орынға, Шығыс Қазақстан облысынве келген Сағадиевтер әулеті екінші орынға, ал Атыраулық Жұмағалиевтердің ұстаздар әулеті үшінші орынға ие болды.

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша Ақмола облысының ТББ (техникалық бақылау бөлімінің) бақылаушысы Майра Исаева жеңіске жетті, Шымкент қаласының цемент өндіру жөніндегі инженер-технологы Ескендір Рүстемов екінші орынға тұрақтаса, Қарағанды облысының ауа бөлу қондырғыларының аппаратшысы Дәулет Ежибаев үшінші орынды қанағат тұтты.

"Үздік жас өндіріс жұмыскерікері" номинациясында Солтүстік Қазақстан облысынан келген жалпы практика дәрігері Юлия Шевченко топ жарды, Қостанай облысының логистика және қойма сақтау шебері Владимир Самодуров – екінші орынға тұрақтады. Ал, Павлодар облысынан келген технологиялық насос машинисті Асқар Нұрғалиевқа үшінші орын бұйырды.

Байқау жеңімпаздары 1 орын үшін – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 500 мың теңге және 3 орын үшін – 200 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, "Көрермендер көзайымы" сыйлығының жеңімпаздары да анықталды. Осылайша, "Үздік еңбек әулеті" номинациясында Ақтөбе облысынан келген Ізбасовтардың металлургтер әулеті жеңіске жетсе, "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы – Батыс Қазақстандық ұстаз Баян Кабиеваға бұйырды, ал, "Өндірістің үздік жас жұмыскері" номинациясында – Жамбыл облысының электрик-инженері Қуаныш Шыныбеков топ жарды. Аталғандардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздарын құттықтай отырып, Біржан Нұрымбетов мемлекеттің жаңғыруы мен қоғамның дамуындағы еңбек адамдарының маңызды рөлін атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу