Елордада эпидахуал күрделі

987

Елордада індеттің тез таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. Соңғы тәулікте алғашқы зертханалық расталған 4 639 жағдай тіркелді (симптомдары бар 3 192, 1 447 симптомсыз), өсім – 2.5%-ды құрады, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Елордада эпидахуал күрделі

Соңғы аптада COVID-19 бойынша 31 789 жағдай тіркелді. Аурушаңдық алдыңғы аптадан 5 есе жоғары (алдыңғы апта – 4 476), соның нәтижесінде 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіштері 496,0-ден 2674,9-ға дейін өсті және репродуктивтік саны – 1,905-ке жетті.

Қаңтардың 16 күнінде 36 347 жағдай тіркелді. Бұл 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген 2 737 жағдайдан 12 есе жоғары.

"Омикрон" коронавирусының жаңа штамы вирустың басқа мутацияларына қарағанда тезірек таралады. 

Сол себепті COVID-19-бен ауырып шыққандар және 2021 жылдың наурыз-қыркүйек айларында вакцинацияланған адамдар да әбден жұқтыруы мүмкін.

Қала бойынша қазіргі уақытта 244 824 адам ревакцинацияға тиесілі (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында вакцинаның толық курсын алғандар), олардың 27 874-і немесе 11,3%-ы қайта вакцинацияланған адамдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу