Елордада эпидахуалға байланысты бірқатар нысан жабылуы мүмкін

820

Нұр-Сұлтанның "қызыл аймақта" тұрғанына 17-күн. 

Елордада эпидахуалға байланысты бірқатар нысан жабылуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсеновтың айтуынша қалада CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша елорда 17-күн "қызыл аймақта" тұр, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркелуде. Соңғы аптада сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда бірдей деңгейде. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш - 121,1 -ді құрады. Жыл басынан бері елордада індет жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты, пандемия басталғалы – 28 941 жағдай тіркелді Ал мереке болған аптада науқастармен байланыста болғандар саны 10%-ға өсті, яғни 500-ден 735 адамға дейін", – деді Сархат Бейсенов.

Бұған қоса елордада өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында індет жұқтыру көрсеткіші 1,6 есеге, яғни 210-нан 339-ға дейін өскен. Ал қалада эпидемиологиялық жағдай нашарлай түссе карантин талаптары да күшейтілмек. 

"Қазір індет жұқтыру көрсекіші тұрақты түрде өсуде, бірақ ушығу жоқ. Егер жағдай нашарласа, әрине бірқатар нысандардың жұмысына шектеулер енгізіледі. Бұл мәселе қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде ғана қаралады", - деді шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу