Елордада ер адам баланы өлімнен құтқарды

937

Нұр-Сұлтанда 37 жастағы ер адам 2 жасар қыз баланы құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада ер адам баланы өлімнен құтқарды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 тұрғын үй кешенінде 9-қабатта бала тұрғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына қалалық ТЖД жеке құрамының 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Олар ер адам 8-қабаттағы балконның карнизіне ілулі тұрған баланы құтқарғанын анықтаған. 2019 жылы туған қыз бала ата-анасымен бірге үйде болған, алайда оның жанында ешкім болмағандықтан ол терезеге шығып кеткен. 1985 жылы туған ер адам Сәбит Шонтақбаев 7-қабатта тұрып, өзінің өміріне қауіп төнгеніне қарамастан қызды өлімнен құтқарды", - деп жазылған хабарламада.

37 жастағы ер адам батылдығы, батырлығы мен ерлігі үшін марапатқа ұсынылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ата-аналарды сақ болуға, баланы қараусыз қалдырмауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу