Елордада "ерекше датада" 240-қа жуық жұп неке қидырды

847

Нұр-Сұлтанда "22.02.2022" күні 240-қа жуық жұп неке қидырған, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада "ерекше датада" 240-қа жуық жұп неке қидырды

2022 жыл 22 ақпанды көптеген адам "ерекше" күн санайды.Сондықтан дәл осы күні некесін қидырғандар саны да көбейген.

Айта кету керек, астанада жас отбасылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жас болып отыр. Ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу