Елордада ерекше форматтағы экоакция өтті

251

Экоакцияға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Елордада ерекше форматтағы экоакция өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы аясында Президенттік саябақта кино көрсетілім өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Көктемнің жылы күнінде астаналықтар бір күнді отбасымен бірге өткізе алады. Балаларға арналған тегін бағдарлама ұйымдастырылды, оларға аниматорлар ойын өткізеді, аквагрим, сахнада сиқыршылар жұмыс істейді.Сонымен қатар "Хатико" фильмінің кешкі көрсетілімін ұйымдастырдық және кіре берісте көрпелер тараттық. Экологиялық акцияның бұл бастамасы баршамызды туған жерімізді таза ету мақсатында біріктіруге арналған", - деді Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаттарының бірі – қала тұрғындарының мінез-құлқының жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Пикниктен кейін қонақтар саябақтың аумағындағы қоқыстарды жинап кетті.

"Отбасымызбен экоакцияға қатыстық, іс-шараға қатысқан адамдар санының көптігіне таң қалдық. Маған балалар үшін аниматорлар, бет бояулары, сиқыршылар сияқты қызықты бағдарлама ұйымдастырылғаны ұнады. Олар басында қай жаққа қарарларын білмеді. Осындай керемет пикник үшін ұйымдастырушыларға рақмет", - деді қала тұрғыны Камила Төлемісова.

Кешке саябақ қонақтары үшін ашық аспан астында кино көрсетілімі ұйымдастырылады. Айта кету керек, экоакцияға 1000-нан астам адам келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу