Елордада ерлі-зайыптылар су үстінде неке қиды

552

Астананың 25 жылдығына орай елордада жас жұбайлар үшін теплоходта некеге тұру салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. 

Елордада ерлі-зайыптылар су үстінде неке қиды Фото: gov.kz

Жас жұбайларды осындай маңызды қадаммен Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтады.

"Елорданың 25 жылдығына орай 10 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдени-ойын-сауық, спорттық және іскерлік сипаттағы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1200 орындық мектеп, кондитерлік фабрика сияқты әлеуметтік нысандардың ашылуы да бар.

Бүгін біз Байқоңыр ауданында тұратын жас жұбайларға неке қию куәлігін салтанатты түрде тапсырдық. Бұл іс-шара жыл сайын қала күні қарсаңында өтетіні дәстүрге айналды. 25 жыл ішінде елордада 200 000-нан астам неке тіркелді, нәтижесінде 420 000 сәби дүниеге келді.

Бұл бүкіл қаланың тұрғындарына тең. Осының арқасында елорданы жас қала, армандар орындалатын мекен деп атауға болады", – деді әкімнің орынбасары.

Жас жұбайлар Үсен мен Гүлнәр Мұсайбек жағалауға алғашқылардың бірі болып келіп, өз әсерлерімен бөлісті.

"Бізге ХҚО-да бүгінгідей салтанатты тіркеу ұсынылғанда, біз қуана келістік. Біз некемізді су үстінде тіркеуге және әкім орынбасарының қолынан куәлік алғанымызға қуаныштымыз", – деп бөлісті олар.

Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу