Елордада Эрмитаж күндері басталды

1490

Елордада Эрмитаж күндері басталды

Елордада Эрмитаж күндері басталды. Шара екі күнге созылады. II Екатеринаның жеке қорынан бастау алған мұражай қазір Ресейдің мәдени әрі тарихи мұрасына айналып, 3 миллионға жуық жәдігерге иелік етіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Көрме аясында РФ мемлекеттік Эрмитаж бас директорының орынбасары Светлана Адаксина бастаған ресми топ өкілдері қазақстандық мұражай қызметкерлеріне дәріс берді. Эрмитаж тарихынан бастап, құндылықтарды сақтаудың бүге-шігесіне дейінгі әңгіме барысында ендігі бағыт-бағдар туралы да айтылды.

Эрмитаж қоры жыл сайын шамамен 5 мың жәдігермен толысып отырады екен. Негізінен археологиялық қазба кезінде қолға түскен мұралар жеткізіледі. Орталық Азияға қатысты заттар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу