Елордада есірткі сатқан медицина қызметкері ұсталды

710

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Елордада есірткі сатқан медицина қызметкері ұсталды Фото: inbusiness.kz

Астанада есірткі сатқан медицина қызметкері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін елордалық ауруханалардың бірінде медицина қызметкерін ұстады. Медициналық ұйымдағы жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар төрт полиэтилен орамы тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, бұл жалпы салмағы 240 грамнан асатын гашиш есірткі заты екені анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу