Елордада есірткі сатқандар сотталды

351

Қылмыскерлер "Telegram" мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. 

Елордада есірткі сатқандар сотталды Фото: esquire.kz

ҚМА Астаналық Департаменті бір топ адамға қатысты алдын-ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Еске салайық, елордада "бақыланатын жеткізу" жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен ірі мөлшерде "марихуана" есірткі заттарын алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.

  • Сот үкімімен 2 азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың пікірінше, есірткі заттарын қолдану жасөспірімдердің толыққанды дамуына, есте сақтау қабілетіне, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Осыған байланысты, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жазылымдары мен сатып алуларына назар аударуды сұраймыз, делінген ҚМА хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу