Елордада Eurasian Book Fair - 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

506

Аталған іс-шара 19-23 сәуір аралығында өтеді. 

Елордада Eurasian Book Fair - 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара.

Көрме-жәрмеңке аясында кітаптарды баспа бағасымен сатып алуға, кітапсүйер қауыммен кездесіп, жаңа кітаптардың презентациясын тамашалауға болады. Сондай-ақ ақын-жазушылардан қолтаңба алып, түрлі шеберлік сабақтарына қатысуға болады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме барысында 6 номинация бойынша "Жылдың ең үздік кітабы" анықталады.

Көрменің ашылу салтанаты: 19 сәуір, сағат 11:00

Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы 53/1, ЕХРО халықаралық көрме орталығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу