Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 ақпандағы жаңа қаулысында фитнес-орталықтардың жұмыс кестесі өзгертілді.
Фитнес-орталықтарды, бассейндерді, сауналарды және басқа да қызмет түрлерін (СПА, массаж, пилинг және т.б.) қамтитын спорттық-сауықтыру объектілері толымдығын 50%-дан аспайтын мөлшерде қамтамасыз етсе және алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.