Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

587

Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады.

Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды. 

Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу