Елордада газ баллондарын пайдаланатын ШОБ субъектілеріне тексеру жүргізілді

932

Елордада газ баллондарын пайдаланатын нысандарға мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада газ баллондарын пайдаланатын ШОБ субъектілеріне тексеру жүргізілді

Комиссия құрамына ТЖД, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ПД өкілдері кіреді. Кезекті сапар барысында сарапшылар Шұбар шағын ауданындағы "Джек и Чан", "Giraffe", "Arzu" кафелерінің қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін еске салды.

"Рейд барысында кейбір жерлерде газ баллондары жылу көздеріне өте жақын тұрады, қашықтық сақталмайды. Басқа мекемеде де баллондар бір-біріне өте жақын жерде орналасқан, бұл да өте қауіпті. Сонымен қатар, иелердің өздері қай компанияның тауары екенін білмейді. Әкімшілік ескерту жасалды, 10 күн ішінде барлық ескертулер жойылуы тиіс", - дейді Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Думан Жайлыбеков.

Жыл соңына дейін елорданың барлық аудандарында 1000-ға жуық қоғамдық тамақтану орындары тексеріледі.

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған ТЖД, ІІМ, Тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің өкілдері кірді. Олар қоғамдық тамақтану орындарын өрт қауіпсіздігінің сақталуын тексереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу