Елордада газ қондырғыларына тексеріс жүргізілуде

625

Екі қабаттан жоғары қабатты ғимараттарда баллондарды пайдаланудың 34 жағдайы анықталған.

Елордада газ қондырғыларына тексеріс жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы елорданың тұрғын үй шаруашылықтарында газ қондырғыларының жұмысына тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы басқарма қызметкерлері 1 400 резервуарлық қондырғыларды тексерістен өткізген екен.

"Оның нәтижесі бойынша "АстанаГазҚызмет" ЖШС-нің меншік иесіне ескертулерді жою мақсатында 340 анықтама берілді. Қазіргі уақытта серіктестік иесі аталмыш мәселелердің барлығын ретке келтірген",– делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, бүгінгі күні қалада 340 жинақтама резервуарлық қондырғы, 1400 жер астындағы резервуарлары бар. Еліміздің № 532-IV "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңына сәйкес екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынған.

Бүгінгі күні пәтер иелерімен, басқарушы ұйымдармен (ПИК, ТҚК), заңды тұлғалармен тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды пайдалану мәселесін түсіндіру бойынша 556 оқыту жұмысы жүргізіліпті. Екі қабаттан жоғары қабатты ғимараттарда баллондарды пайдаланудың 34 жағдайы анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу