Елордада халық санағы қалай жүргізіледі

1237

Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде жалпы саны 27 адамнан тұратын, олардың ішінде 21 адам аудан бойынша уәкіл, ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлім құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада халық санағы қалай жүргізіледі

Құрылған штат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санақты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауды жүргізеді. Дайындық кезеңін өткізу үшін қаладағы белгілі бір мектептерде құрылған нұсқаушы және тіркеу учаскілер бойынша бөлінген 40 нұсқаушы-бақылаушы жұмыс істейді. 284 адамнан тұратын нұсқаушы-бақылаушы интервьюер-тіркеушілердің жұмыстарын үйлестіреді және бақылайды.

Үй аралайтын интервьюер-тіркеушілерде Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мөрімен расталған, ТАӘ және сурет көрсетілген тіркеушінің арнайы куәлігі (бейдж) және халық санағының логотипі бар көк түсті портфелі болады. Интервьюердің жеке басы статистика органдарында нақтылануы мүмкін.

2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде "1446" бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. "1446" - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс істейді. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

2021 жылғы Ұлттық халық санағы "Қазақстанда әркім маңызды!" атты ұраны аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы – санақты өткізу процесін автоматтандыру және заманауи сандық технологияларды енгізу, интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ персоналының еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, халық санағы деректерінің дәйектілік деңгейін арттыруға, деректер жинау кезінде интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының мақсаты – соңғы 10 жыл ішінде, яғни санақ аралық кезеңде болған демографиялық, экономикалық және әлеуметтік үдерістер туралы сенімді ақпарат алу. Сонымен қатар, халықтың білім деңгейі, неке және отбасы құрылымы және елдің этно-лингвистикалық құрамы сияқты мәліметтерді жалпы санақ кезінде ғана алуға болады. Алдағы санақтың нәтижелері мемлекеттік органдардың қолданыстағы деректер базасын жаңарту үшін жаңартылған және сенімді ақпарат ретінде қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу