Елордада халықаралық деңгейдегі SABIS мектебі ашылады

834

SABIS халықаралық мектептер желісі әлем бойынша 20 елде бар.

Елордада халықаралық деңгейдегі SABIS мектебі ашылады

Астанада халықаралық деңгейдегі "SABIS" мектебі ашылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімдігінде Бақыт Сұлтанов, білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова және БАӘ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Альджабераның қатысуымен білім беру саласындағы жобаларды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, ""ASTANA INVEST ҚИДО"ЖШС, қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында SABIS халықаралық мектебін салуға қол жеткізілді. Білім саласындағы бұл инвестиция аясында 1 мың орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектепке дейінгі білім ошағы ашылады.

SABIS халықаралық мектептер желісі әлем бойынша 20 елде бар.

"Қаланың қарқынды өсуіне ескеретін болсақ, жаңа оқу орындарын ашу өте маңызды. Біз алдағы бес жылда 120 мың оқу орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – қазіргіден екі есеге артық көрсеткіш. Соның ішінде шетелдік және еліміздің инвесторлары есебінен 20 мың орындық жекеменшік мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвесторлардың есебінен осындай жобалардың жүзеге асатынына біз қуаныштымыз", – деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында отандық бес инвестормен Астанада 17,4 млрд теңгеден астам инвестиция көлемінде жаңа жекеменшік мектептер құрылысы бойынша келісім жасалды.  

Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, SABIS мектеп құрылысының бірінші кезеңін қаржыландырудың өзі 15,5 миллион долларды құрып отыр.

"Бұл – жүз пайыз жеке инвестиция. Біздің тараптан құрылыс салу үшін жер учаскесі заттай грант түрінде ұсынылды, яғни инвестициялық келісімшарт аясында тегін. Бұл – еліміз бойынша білім саласында мектеп салуға арналған заттай грант ұсынылған алғашқы келісімшарт. Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы толық аяқталады", – деді Малика Бектұрова.   

Бүгін қол қойылған құжаттар негізінде салынатын өзге де жекеменшік мектептер 100% жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу