Елордада ХІІ Астана экономикалық форумы басталды. Биылғы жиын "Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар" тақырыбында өтуде. Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсудің жаңа жолдарын, адам капиталының дамуы мен білім және инновация халықаралық орталықтары есебінде қалалар әлеуетін күшейтуді талқылайды.
Биыл форумға әлемнің 74 елінен келген 5 мыңнан астам делегат қатысып отыр. Жиында екі күннің ішінде 100-ге жуық сарапшы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, алғаш рет студенттер мен жастар форумға тегін қатысуға мүмкіндік алды. Atameken Business тілшісі тікелей байланысқа шықты
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу