Елордада иесіз қалған нысандар коммуналдық меншікке қабылданды

844

Биыл 158 иесіз нысан анықталды.   

Елордада иесіз қалған нысандар коммуналдық меншікке қабылданды

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында иесіз, қараусыз қалған 158 нысан анықталып, олар коммуналдық меншік ретінде қайта қабылданды. Бұл туралы қалалық активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"2019 жылдан бастап аудан әкімдері және құзырлы басқармалармен бірлесіп елорда аумағында иесіз қалған нысандарды анықтау, тіркеу жұмысы жалғасып келеді. Өткен жылы жалпы сомасы 2 млрд 878 млн теңгенің иесіз қалған 680 нысан және 60 бірлік трансформаторлық қосалқы станциясы коммуналдық меншікке қабылданды. Биыл 158 иесіз нысан анықталды. Оның сомасы 1,8 млрд теңгені құрайды", – деді Ерсін Өтебаев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесінің отырысында.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, соңғы 2 жылдың ішінде елорда аумағында қараусыз жатқан 886 нысан анықталып, коммуналдық меншік ретінде қабылданыпты.

"Атап айтқанда, 180 шақырым электрмен жабдықтау нысаны, 34 шақырым сумен жабдықтау, 90 шақырым кәріз желісі, 59 шақырым жылумен жабдықтау желісі және 2 227 құдық бар", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу