Елордада індет жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді

869

Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Елордада індет жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді

Елордада коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың саны азайып келеді. 

"Бүгінгі таңда 1 484 науқас инфекциялық стационарларда жатыр. Жүктеме 41% құрайды. Егер аталған сандарды тамыз айының басымен салыстырар болсақ, "ковидтік" стационарлардағы пациенттер саны 2900-ға жеткен болса, қазір екі есе төмендегені байқалады", – деді Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша жан сақтау бөлімшелердегі науқастардың саны да азайған. Бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 153.

"Жазда жансақтау төсек орындары 230 және одан да көп пациентті қамтыды. БМСК ұйымдары жанындағы жедел жәрдемге, мобильді бригадаларға жүктеме азайды. Мәселен, егер жазда жедел жәрдем станциясына жүгінулер саны 4 мыңға жетсе, қазір 2400-ге жетті. КВИ бойынша қоңыраулар аз қазір – шамамен 100-120. Жазда тәулігіне 300-350 қоңырау түсіп жататын", деді Әлия Рүстемова.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу