Елордада интернет-алаяқ "виртуалды" пәтерлерді жалға берген

788

Жас жігіт басқа қалада тұрып интернет арқылы жалған хабарландырулар берген. Пәтер іздегендер күдіктінің сұрауы бойынша оның банктік шотына 15-20 мың теңге көлемінде кепілақша аударған. Алаяқ қажетті соманы алғаннан кейін ұялы телефонын өшіріп, із суытқан.

Елордада интернет-алаяқ "виртуалды" пәтерлерді жалға берген

Жәбірленушілер алаяққа алданғандарын түсінген соң, құқық қорғау органдарына жүгінген. Қаланың полициясына осындай 13 хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция департаменті азаматтардан қызметтер мен сатып алу үшін ақы төлеу кезінде қырағылық танытуды сұрайды. Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмау үшін ұсынылатын қызметтердің бар-жоғына көз жеткізіп, сипаттамаларымен танысып, бейнеқоңырау арқылы тауарды көрсетуді талап ету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу