Елордада интернет арқылы аса ірі мөлшерде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

1211

Елордада отбасылық интернет-дүкеннен 3 келі мефедрон тәркіленді.

Елордада интернет арқылы аса ірі мөлшерде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Polisia.kz порталының мәліметіне сүйенсек, отбасылық мердігерлік мефедронды елорда аумағында сатқан, деп жазады inbusiness.kz.

Интернет-дүкен әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлердің назарына іліккен. Сайт әкімшісінің жеке басын анықтағаннан кейін есірткіні жеткізушілермен және кепілгерлермен байланыс орнату үшін бақылауға алынған.

"Ұстау бірден екі мекенжай бойынша жүргізілді. Дүкен иесі синтетикалық есірткі салу кезінде ұсталды. Ұсталған кезде автокөліктен сатуға дайындалған мефедрон салынған 60 түйір табылды. Ұсталған жағдайда конспирацияға арналған есірткі автокөлікте жатқан қаңылтыр сыра шөлмегіне жасырылған.  Сонымен қатар, пәтерде есірткі саудасымен айналысатын адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан. Тұрғылықты жерін тінту кезінде мефедронның тағы 157 мөлшері, есірткі салынған пластикалық науалар, сондай-ақ каннабис шайыры бар 886 желатин капсулалары тәркіленді. Заттай дәлелдемелерге сол жерден табылған электрондық таразылар, буып-түю ыдыстары, өлшеу қасықтары, есірткіні өлшеп-орау үшін қажеттінің бәрі қоса тігілген. Ұстау нәтижесінде ерлі-зайыптылардан 3 келіден астам синтетикалық мефедрон препараты және 260 грамм каннабис шайыры тәркіленді",- деп жазылған ІІМ ақпараттық порталында.

Қазіргі уақытта қылмыскерлердің елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар адамдармен байланысы пысықталуда.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу