Елордада инватаксилердің саны 2 есеге артады

481

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған таксилер саны артады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Елордада инватаксилердің саны 2 есеге артады Фото: inbusiness.kz

"Бүгін ерекше қажеттіліктері бар жандарға әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Онда инватакси, протездік-ортопедиялық көмек, санаторий-курорттық емдеу, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және т.б. мәселелер көтерілді. Биыл инватакси санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша ерекше қажеттіліктері бар жандарды көбірек қамти аламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, ал жүйелі мәселелер бойынша министрліктермен жұмыс істейтін боламыз", - деді қала әкімі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бүгінде қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр. Оның ішінде 7 мың бала бар. 

"Елордада бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлер салып жатырмыз. Олардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылады: балалар орталықтары, медициналық нысандар, оңалту орталықтары", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу